Bugin

Алматыда балалар алаңынан ер адамның мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы полициясы наурыздың 14-інен 15-іне қараған түні Самал-3 ықшамауданындағы балалар алаңында ер адамның мәйіті табылғанын растады. Бұған дейін бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, бірлесіп алкоголь ішімдігін ішкен адамдардың арасында жанжал туып, салдарынан 35 жастағы ер адамды таныстары пышақтап кеткен. Жедел іздестіру шарасында 22 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды, - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Полиция сонымен қоса бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелгенін айтты. Істі Медеу аудандық полиция бөлімі тергеп жатыр.