Bugin

Алматыда футбол жанкүйерлері төбелес шығарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Қайрат" және "Каспий" футбол клубтарының жанкүйерлері матчтан кейін Алматыда жаппай төбелес шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлер, адам көп жиналатын орындарда пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу деректерінің жолын кескен.

"Қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілді",- деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат