Bugin

Қостанай облысында үш бірдей жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

14 наурызда "Қостанай-Тобыл" тас жолында үш бірдей жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық жол апаты құбылмалы ауа райы кезінде қашықтықты сақтамағаннан болған. Бірнеше адам ауруханаға барып, барлығына амбулаториялық ем қабылдады.

"Кеше сағат 21.30 шамасында Тобыл қаласындағы жол айналымында Toyota және Chevrolet көліктері соқтығысып, кейінірек Мерседес пен Ниссан соқтығысқан. Содан кейін deu Nexia, Audi және Reno автомобильдері арасында апат болды. Жол апатында бірнеше адам зардап шекті, олар ауруханаға жүгінді, барлығына амбулаториялық ем тағайындалды", - деп хабарлады ведомстводан.

Осы фактілер бойынша процессуалды шешім қабылданады.