Bugin
Қазақстанда отбасында балалары болған жағдайда ажырасу процесінің ережелері өзгермек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар қарайтын істердің аясын кеңейтумен байланысты. Кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен некені бұзу және мүлікті бөлу туралы азаматтық істерді кәмелетке толмағандар және отбасылар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне беру жоспарлануда.
Апелляциялық сатыдағы соттың істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармай мәні бойынша қарау өкілеттігі де кеңейтіледі.