Bugin

“Айналымы 8 миллиард тг.”: “Kyzdar.Net” сайтының топ-менеджерлері мен көмекшілері ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрлігі елде жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан 11 адамды ұстады деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар “Kyzdar.Net” интернет-сайты арқылы күн сайын 2 миллион теңгеге дейін пайда түсіріп отырған. Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 миллиард теңгені құрайды. Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. 

“Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, жауап алынды. Олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады. Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы туындыға жататыны, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған”, - делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесінде 23 миллион теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленген.

Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің “Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық” деген 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қол жетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл қылмыстық топтың қоғамға төндірген қаупі адамгершілік құндылықтарды аяқ асты ету және жезөкшеліктің таралуына жағдай жасау болып табылады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.