Bugin
Bugin.kz порталы белгілі ғалым Альберт Эйнштейннің 10 нақыл сөзін ұсынады.
1. Ешқашан қателеспеген адам ешқашан жаңа нәрсені сынап көрмеген.
2. Мектепте оқытқанның бәрін ұмытқаннан кейін санаңызда қалғаны - білім.
3. Қиялымда суретші сияқты сурет салуға еркінмін. Қиял білімнен маңыздырақ. Білім шектеулі. Қиял бүкіл әлемді қамтиды.
4. Шығармашылықтың сыры шабыт көздерін жасыра білуде.
5. Адамның бағасы оның қол жеткізген қабілетімен емес, не бере алатынымен айқындалуы керек. Табысты емес, құнды адам болуға тырысыңыз.
6. Өмір сүрудің екі жолы бар: ғажайыптар жоқ сияқты өмір сүре аласыз немесе бұл дүниеде бәрі ғажайып сияқты өмір сүре аласыз.
7. Мен өзімді және өзімнің ойлау тәсілімді зерттегенде, мен үшін абстрактілі ойлау қабілетінен гөрі қиялдың сыйы маңыздырақ деген қорытындыға келемін.
8. Мінсіз қой болу үшін ең алдымен қой болу керек.
9. Алдымен ойын ережесін меңгеру керек. Содан кейін ғана ең жақсы ойыншы болуға ұмтылуыңыз керек.
10. Сұрақ қоюды тоқтатпау өте маңызды. Қызығушылық адамға кездейсоқ берілмейді.