Bugin
Астанада әйеліне ашуланған ер адам мешітке келіп, имамды 13 жерден пышақтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1990 жылы туған Жібек Жолы ауылының тұрғыны әйелімен ұрсысып қалып, елордалық мешітке барған. Ол мешітте дін жолымен ажыраспақ болған.
"Ашу үстінде келіп, намаз оқып жатқан имамға пышақ ұрған. Ер адам ұсталды, Астана қаласы ПД Алматы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Имам ауруханаға жатқызылды, жағдайы ауыр. Күдіктінің әйелі үйде отырып, суицид жасамақ болған. Ол сірке суын ішкен.
Әйел Астанадағы 1 қалалық ауруханасына жатқызылды.