Bugin

Дос Көшім: "Иманғали Тасмағамбетов Назарбаевтың көп солдатының бірі"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі саясаткер Дос Көшім халықтың басым бөлігі Иманғали Тасмағамбетовты әділетті қоғам құрудың басшысы ретінде санайтынына таңқалатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Mezgil.kz сайтына сілтеме жасап.

Саясаткердің сөзінше, қазір жүйеге қарсы шығушылар, яғни Назарбаев дәуірін сынаушылардың әрекеті көбіне «кек алуға» ұқсас келеді.

"Оның ұлттық мәдениетке, ұлттық тарихқа көзқарасы өте жақсы. Сол бағытта жұмыс істеп жүрген азаматтарға көмегін береді. Алматыда да қолынан келген көмеген аямады. Ол жағынан рақметімді айтамын. Алайда Тасмағамбетов - біз өзгерткіміз келетін жүйенің солдатының бірі. Егер біз әділетті қоғам құрамыз десек, бұрынғы Назарбаевтың қасында жүріп, соның дастарханынан тамақ ішкендерден үміт күтпей-ақ қояйықшы. Осыны халық білуі керек", - деді саясаткер.

Дос Көшімнің пайымдауынша, Иманғали Тасмағамбетовтың ҰҚШҰ-ға Бас хатшы болып баруы, оның саяси салмағын арттырған жоқ, керісінше азайтқан. 

"ҰҚШҰ-ның құрылуының жалғыз мақсаты - сыртқы жаудан бірге қорғану. Бірақ президент ұйымды халықтың ішкі революциясына қарсы қолданды. Тоқаевтың ең үлкен геосаяси қателігі осы. Енді Арменияда халық көтірлесе де, Ресейдің ішінде халық билікке қарсы шықса да ҰҚШҰ-ны апарып салады. ҰҚШҰ-ны өз билігіне қарсы шыққан халыққа қолданатын болды.

Ал соның бастығы қазақ болып отыр. Менің неге жаным күймейді? Бармауы керек еді. ҰҚШҰ өте қатерлі «мина алаңы». Ол жерде бәрін Путин басқарады. Бұл соның қолбаласына айналса, күшінен тағы да айырылады" - деді ол.