Bugin

Атырау облысында канал суына құлаған екі баланың бірі мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында ойнап жүрген екі бала канал суына құлап кетті. Олардың бірі мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 14 наурызда Құрманғазы ауданының Бірлік ауылында болған.

Сол күні түнгі сағат 21:20-да Бірлік ауылында ойнап жүрген балалардың екеуі канал суына құлап кеткен. Соның салдарынан 10 жастағы бала суға батып, көз жұмған. Ал 7 жасар баланы ауыл адамдары құтқарып алған.

Құтқарылған бала аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір аталған дерекке байланысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.