Спорт

ӘЧ: Қазақ қызы алғашқы қарсыласын сұлатып салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жарыстың алғашқы күні, күндізгі сессияда 52 келіге дейінгі салмақта қазақстандық  боксшы Жазира Орақбаева шаршы алаңға шықты.

Азия чемпионатының жүлдегері Жазира тайбэйлік Чиа-Хсунь Чанмен жұдырықтасып, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раунд басында төреші жекпе-жекті тоқтатып, Жазира Орақбаева айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Қазақстандық басқа боксшылар ертең рингке шығады.