Bugin

Мемлекеттік балабақша балаларға дұрыс тамақ бермейтін болып шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы балабақшалардың бірінде балаларға сапасыз тамақ берілетіні туралы видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Желідегі кадрларда балалар нан мен жұмыртқа жеп отырғаны байқалады. 

Мұнда балалар қара шайға нан салып жейді. Неге өз балаларына мұндай тамақ бермейді? Бұл - мемлекеттік балабақша, - дейді видео авторы.

Ал видео астындағы жазбада бұл қаладағы №164 мемлекеттік балабақша екені жазылған.

Алматы қаласы Білім басқармасы өкілдері осы видеоға қатысты пікір білдірді.

Осы жағдайға қатысты жан-жақты тексеріс жүргізу үшін мониторинг топ құрылды. 20 наурызға дейін бақылау комиссиясы өз жұмысын аяқтауға тиіс. Қазір Алматы қаласы білім басқармасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға кетті. Тексеру нәтижелері қосымша беріледі, - делінген хабарламада.