Bugin
Әлеуметтік кодекс жобасы аясында кейбір санаттағы азаматтардың жәрдемақысы 14,5%-ке артады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сенатта Әлеуметтік кодекс жобасын талқылау барысында депутат Ләззат Қалтаева кімдердің жәрдемақысы көтерілетінін айтты.
Азаматтардың кейбір санаты үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы 14,5%-ке өседі, - деді ол сенаттың жалпы отырысында.
Олар:
- мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындар;
- саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер адамдар;
- ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар.
Сенат депутаттары Әлеуметтік кодексті қабылдады.