Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Пинта мейрамханалар желісінде қазақ тіліне қатысты шу шыққаннан кейін мейрамхананың Instagram парақшасында қазақ тіліндегі мәзір пайда болды. Сондай-ақ 11 жарияланым да мемлекеттік тілге аударылған.
Ал Instagram stories-те қазақ тілінде ән шырқайтын әншілердің өнер көрсеткен үзінділері жарияланды.
Мейрамхана өкілдерінің айтуынша, әр жұма және сенбі күндері барлық мейрамханада музыкалық ойын-сауық бағдарламасы өткізіліп, қаланың үздік музыканттары мен dj-лері өнер көрсетеді. Сондай-ақ қазақ тіліндегі танымал әуендерді де орындайды екен.
Дереккөз: orda.kz