Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқмола облысында тас жолда болған жол апатынан төрт жолаушы қаза тауып, екі адам елордалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Арайлы ауылының маңында екі көліктің қатысуымен жол апаты орын алған.
"Алматы-Екатеринбург тас жолының 1223 шақырымында Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған "Тойота Альфард" және 42 жастағы елорда тұрғыны басқарған "Тойота Камри" көліктері бетпе-бет соқтығысты. Оқиға салдарынан Toyota Alphard көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы Астана қаласының ауруханасына жатқызылды", - деп хабарлады ведомство.
Полиция бірқатар сараптамалар тағайындады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аймақта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды жалғастыруда.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61