Bugin

Жуырда Путин сотталуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстарға жауапты деп тапты.

Ресей Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда басталған Украинаға әскери шабуылын жалғастыруда. Бүгін Ресейдің Украинаға толыққанды әскери басып кіргеніне 387-күн, деп жазады Bugin.kz порталы  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ мәліметінше, қазірдің өзінде 16 миллионнан астам украиндық үйлерін тастап кеткен.

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстар, халықты (балаларды) заңсыз депортациялау және Украинаның оккупацияланған аумақтарынан Ресей аумағына заңсыз көшіргені жауапты деп айыптап, қамауға алуға ордер берді.

Путинге айып тағылып отырған қылмыстар Украинаның оккупацияланған территориясында кем дегенде 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жасалған, деп жазады сот.

Сондай-ақ, сот ресейлік балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы да қамауға алуға ордер берді.