Weekend

«Моцартты» жазған жазушы дүниеден озды

Жазушы ауыр науқастан көз жұмды
 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы бір айдың ішінде қазақ әдебиетіне қаралы бұлт төніп алғандай, ақын-жазушысын ажал алқымнан алды. Шерхан Мұртазамен қоштасып қайтқан жұрт, «Бозторғайды» сайратқан ақын Әбдірахман Асылбеков ағамызды да жер қойнына тапсырған болатын. Ал бүгін Астанадағы ауруханалардың бірінде ауыр науқаспен жатқан жазушы Талғат Кеңесбаев дүниеде өтті.

 

1961 жылы 15 тамызда Шығы Қазақстан облысы, Абай ауданы, Сарыжал ауылында дүниеге келген жазушы бірнеше еңбектің авторы. Атап айтқанда, тұңғыш еңбектері 1980 жылдары жарыққа шықты. 1990 жылы алғашқы кітабы «Француз әтірінің иісі» жарық көрді.

2017 жылы «Ұлт болмысы» журналы ұйымдастырған әдеби конкурсының Бас жүлдесін алған.

«Моцарт» романы, «Үнсіз Нота», «Лениннің бәтеңкесі» әңгімелері бар.

Жазушының туған-туыстарына көңіл айтамыз.