ДАМУ
Ас қорыту процесі ұйқының сапасына қатты әсер етеді, сондықтан дәрігерлер кешкі асты ұйқыға жатардан 2-3 сағат бұрын жеуге кеңес береді.
Ресейлік дәрігер Андрей Тяжельников ұйқының сапасын нашарлататын тағамдарды атады.
Маманның айтуынша, ұйықтар алдында ауыр өнімдерді, оның ішінде майлы, ысталған, тұзды, ащы тағамдарды, фастфуд, қызыл ет, саңырауқұлақ пен жаңғақтарды жеуге болмайды. Мұның бәрі қорытуға ауыр болады.
Алкоголь, кофе және темекі де ұйқыға кері әсер етеді, дейді сарапшы.
Оның пікірінше, ұйқыға жатар алдында құрамында май мен дәмдеуіші аз тағамдарды, атап айтқанда, майсыз ет, балық, сүзбе, жұмыртқа, көкөніс жеген дұрыс.
Дереккөз: sputnik.kz