Bugin
Ұлы Отан соғысының ардагерлері бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кезектен тыс сайлауда шет қалмады.
Сайлау комиссиясының мүшелері ҰОС ардагері Филипп Губановтың үйінде болды. Ол №536 сайлау учаскесіне жататын "Құлагер" шағын ауданының тұрғыны.
Менің балалық шағым біздің тарихымыздың қиын кезеңдерімен сәйкес келді – бұл соғыс пен аштық. Тағдыр маған бейбіт өмір мен бақытты күндерді көруді бұйырды. Мен бұл өмірді сақтап қалғым келеді, сондықтан бүгін мен еліміздің болашағы үшін дауыс беремін! Мен үшін сайлауға қатысу және дауыс беру-бұл бақыт. Келесі сайлауда кездескенге дейін, - деп атап өтті ҰОС ардагері Филипп Губанов.