Bugin
Ауқымды операциясы барысында көрші елден келген 23 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бойжеткен мемлекетаралық іздеуде болған. Ол 21 жастағы қызды күйеуге беру желеуімен үйіне апарып, туыстарынан ақша бопсалаған.
Алаяқтық жасады деген күдікпен Өзбекстанның тағы бір азаматы ұсталды.
"Ол Самарқанд қаласында жұмысқа орналастырып беремін деп, алаяқтық жолмен ер адамның 1,4 миллион сум көлеміндегі ақшасын иемденіп алған" деп хабарлады ҚР ІІМ.
Қазіргі уақытта ұсталған адам да Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларды экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.
«Іздеу» оперрациясы бірінші күні барлығы сегіз қылмыскер ұстап, із-түзсіз жоғалған үш азаматтың мекен-жайы анықтады.