Bugin

Сайлау-2023: Назарбаев та дауыс берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс парламент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол әдеттегідей өз таңдауын "Астана Операдағы" сайлау учаскесінде жасады.

Еске салайық, Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.