Bugin
Қазақстандық Руслан Мадиев кәсіпқойдағы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Bugin.kz Vesti.kz сайтына сілтеме беріп.
Руслан Мексиканың Росарито қаласындағы бокс кешіне қатысып, жергілікті Хуан Хименес атты боксшымен айқасты.
Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу сегіз раундқа есептелген болатын. Алайда Мадиев қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді.
Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқойдағы он бесінші жеңісі. Ал мексикалық қарсыласы болса 23-рет жеңіліп отыр.