Bugin

Арыс өзенінде 4 жасар қыз суға ағып кеткені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды.

"17 наурыз күні үш кәмелет жасына толмаған туысқан қыздар Еңбек ауылының маңындағы Арыс өзеніне барған. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлап кеткен. Сөйтіп судың ағыны оны алып кеткен. Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", –  делінген хабарламада.