Bugin

Жантүршігерлік жол апаты: Жүргізуші көліктен түскен әйелді қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар - Астана жолында көліктен түсіп кеткен әйелді басқа көлік қағып кетті. Instagram желісінде аталған автожолда жол апатына ұшыраған Toyota Estima көлігінің суреті жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы 18 наурыз күні Қалқаман кентіне жақын маңда болған. Шақыру сағат 00:32-де түсіп, жедел жәрдем 10 минутта жеткен. 

- Бізге берілген ақпарат бойынша автокөлік жол үстінде болған әйел адамды соғып, одан кейін жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Оқиға орнында қызметкерлер 35 жастағы әйелдің көз жұмғанын анықтады, - деді жедел жәрдемде.

Сондай-ақ оқиға салдарынан 23 және 54 жастағы әйел адам мен 27 және 33 жастағы ер адамдар түрлі жарақаттармен Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.