Bugin

Түркістанда 4 жасар қыздың қалай жоғалғаны жайлы болжам белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында 4 жасар қыздың жоғалып кетуіне байланысты полицейлер болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

17 наурыз Түлкібас аудандық ПБ-не жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткенін хабарлайды.

Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды.

Тексеру кезінде, сол күні кешкі уақытта үш кәмелет жасына толмаған туыс кішкентай қыздар Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барғаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен.       

"Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды" делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.