Bugin

Жайық өзені суының деңгейі 450 см-ге дейін көтерілуі мүмкін

Фото: www.nur.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Наурыздың соңында Жайық өзені суының деңгейі 450 см-ге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың аллын алу департаменті Техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығы Роллан Есмағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Бүгінде Жайық өзеніне Ресей тарапынан көлемді су келеді деп күтілуде. Ол наурыздың аяғында болады деп болжанып отыр. Қазір Жайық өзенінің мұзы еріп жатыр. Жергілікті кішігірім өзендердің тасуынан Орал қаласында Жайық суының деңгейі 472 см-ге дейін көтерілді. Бірақ қазір 408 см яғни қалыпты деңгейге түсті. Ириклинское су қоймасының жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіп жатырмыз. Онда 2 млн 180 текше метр су бар. Судың деңгейі қалыпты. Одан бөлек, Башқұртстаннан келетін Сакмара өзені суының деңгейін де қадағалап отырмыз",- деді Роллан Есмағанбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өзендердің су деңгейі жағдайына мониторинг тұрақты жасалуда. Сол сияқты қажетті құрал-жабдық дайын.

«Жайық өзені суының көтерілуі наурыздың аяғына болжануда. Қазір 408 см болса, қауіпті жағдайда 450 см-ге барады деп отыр. Сондай-ақ, Ресей тарапынан өзен мұзының еру процесі басталған жоқ», - дейді ол.

Бұған дейін министрлік өкілі еліміздегі су тасқынының туындау себептерін атап өткен еді.

Сондай-ақ, брифинг барысында 200-ден астам елді мекенді су басу қаупінің сейілгені айтылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат