Bugin

Оралда 22 жастағы қыз 9-қабаттан секіріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орал қаласында 22 жастағы қыз 9-қабаттан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Bugun.kz порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, оқиға 17 наурызда болған.

2001 жылы туған қыз тоғызыншы қабаттан секірген. БҚО денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем станциясына шақыру сағат 13:17-де түскенін атап өтті. Дәрігер жеткенше, қыз көз жұмған.

БҚО полиция департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 105-бабы "Суицидке жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басқа мәліметтер жария етілмейді.