Bugin

Алматыда мейрамға орай бірқатар автобустың бағыты өзгереді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда Наурыз мейрамына байланысты бірқатар қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік астанада 21, 22, 23 наурыз күндері мына автобустардың бағыты уақытша өзгереді:

№16, №126 - шығысқа қарай - Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – Гоголь көшесі - әрі қарай сызбаға сәйкес;

№16, №126 - батысқа қарай - Қонаев – Бөгенбай батыр көшесі – Абылай хан даңғылы – Төле би көшесі – әрі қарай сызбасы бойынша;

№№ 37, 201, 206, 209, 210, 224 - шығысқа қарай - Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы– Қабанбай батыр көшесі – Назарбаев даңғылы – Төле би көшесі – әрі қарай бағыты бойынша;

№№ 37, 201, 206, 209, 210, 224 - батысқа қарай - Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі – Абылай хан даңығылы – Төле би көшесі – әрі қарай өз бағыты бойынша жүреді;

№ 48 - оңтүстікке қарай - Төле би – Абылай хан – Қабанбай батыр көшесі – Достық даңғылы – әрі қарай схемасы бойынша;

№ 48 – солтүстікке қарай– Достық даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі – Абылай хан даңғылы – Төле би көшесі – әрі қарай схемасы бойынша;

№ 205 - солтүстікке қарай- Желтоқсан көшесі - Қабанбай батыр көшесі - Назарбаев даңғылы - Төле би көшесі – әрі қарай схемасы бойынша;

№ 205 - оңтүстікке қарай- Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Бөгенбай батыр – Наурызбай батыр көшесі – әрі қарай схемасы бойынша;

Барлығы 10 маршруттың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді.