Bugin
Жамбыл облысындағы Шуда ер адам мен әйел жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Еріктілердің Instagram желісінде жариялаған ақпараты бойынша, Венера Анатольевна мен Алексей Анатольевич 2022 жылғы желтоқсанда Алматыға жұмысқа кеткен. Кейін олар із-түссіз жоғалып кеткен.
Жоғалғандардың екеуі де орта бойлы және орта денелі. Жоғалған кезде олардың қандай киім кигені белгісіз.
Хабар-ошарсыз кеткендердің қайда екені туралы білетіндер +7 708 336 36 45, +7 701 375 92 91 немесе 102 телефондарына хабарласуы сұралады.