Bugin

Таразда жоғалып кеткен 6 жасар ерекше баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

21 наурыз күні полицейлерге мөлтек аудандардың бірінде 6 жасар ерекше баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті, деп хабарлай Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған баланы іздеу жұмыстарына шұғыл түрде патрульдік полиция батальонының 5 автоэкипажы, 70 полиция қызметкері жұмылдырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала аман-есен табылып, ата-анасына табысталды.

Жоғалған баланың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.