Спорт
Португалия құрамасы қатарынан екінші рет тең ойнады
Туриндік«Ювентус» сұрмергені Криштиану Роналду жарақат алып қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.
Роналду тура Месси секілді бірнеше ай бойы ұлттық құрама сапында көрінбеген болатын. Басты себеп – «Ювентустағы» бейімделу процесі.
Енді міне, ұлттық құрамамен алғашқы ойыны Сербия құрамасына қарсы ойындақатты жарақат алып отыр. Португалия құрамасы жеңіске жете алмағанымен қоса, жарты сағаттан аса уақыттан соң сұрмерген Криштиану Роналду жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Ең қызығы, бұл эпизод барысында ол ешкіммен допқа таласпаған. Футболшы допты қуып жетемін деп, оң аяғының бұлшық еті тартылды. Жарақаттың деңгейі мен ойыншының қашан оралатыны әлі белгісіз.