Спорт

Қазақстандық боксшы бірінші жартылай орта салмақта IBO-ның жаңа чемпионы болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

21 наурызда Алматыда кәсіби бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық бірінші жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күрескен. Оның қарсыласы мексикалық Алехандро Менесес болды.

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. 10-раундтың басында мексикалықтың көзінен қан кетті. Дәрігер оған жекпе-жекті өткізуге рұқсат берген, бірақ командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Әлі жеңіліп көрмеген Тұраров үшін бұл 27-жеңісі болды. Ол бірінші жартылай орта салмақта IBO-ның жаңа чемпионы болды.