Bugin
Астанада 5 жасар қыз зорланды. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ведомсто мәліменше,бұл іс бойынша тергеу жұмыстары басталды.Оқиғаның қалай болғанын "Немолчи" қоғамдық қоры жариялады.
Ондағы мәлімет бойынша, анасы жұмысқа кеткенде бүлдіршін әкесімен қалған. Сол кезде әкесіне досы келіп, екеуі ішімдік ішкен. Анасы таңғы сағат 6-да жұмыстан келгенде қызын ер адамның қасынан тапқан. Қыз анасына шағымданған. Астана полиция департаменті тергеуді бастады.
Бұл факті бойынша "Есіл" ауданының полиция басқармасы 8 наурызда 124-бабы бойынша (жас балаларды азғындау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Сараптама жасалады, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Өзге ақпарат жарияланбайды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл баппен айыпты болған адам белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.