Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚызылорда облысында нағашысының үйіне қыдырып барған 2 жасар сәби құдыққа құлап, мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
24 наурызда Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына хабарлама келіп түсті.
«Онда Жаңақорған ауданына қарасты Қандөз ауылындағы тұрғын үйде су алатын құдыққа 2021 жылы туған сәби құлап кетіп, қаза болғаны айтылған. Ол Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінен нағашысының үйіне анасымен бірге қонаққа келген», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61