Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтөбеде екі жас қыз жоғалып кетті, олар екі аптадан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Еріктілер өздерінің Instagram парақшасында жариялаған ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың 13 наурызында 2004 жылы туған Жанәділова Аружан мен 2003 жылы туған Қалмағанбетова Әйгерім Сәтпаева 5 мекен-жайы бойынша үйден шығып кеткен.
Қыздардың екеуі де орта бойлы және орта денелі. Аружанның үстінде сүт түсті күрте, қара шалбар, қысқа сұр етік болды. Әйгерімнің үстінде ақшыл түсті күрте, ақ жолақтары бар қызыл шалбар, қысқа қара етік болды.
Хабарсыз кеткендердің қайда екені туралы білетіндер +7 705 141 05 99 немесе 102 телефондарына хабарласуларын сұрайды.
Еріктілердің айтуынша, қыздар Ақтауда болуы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61