Спорт
Қазақстандық шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Нью-Делиде (Үндістан) шахматтан Гран-при турниріндегі жағдайға байланысты әлеуметтік желіде көпшілік алдыгда жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бибісара Асаубаеваның мәлімдемесі
Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Instagram желісінде халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлікті өзімшіл және кәсіпқой емес деп қатаң айыптаған жазбасын жариялады.
"Шахмат, әрине, жеке спорт түрі. Бірақ жеке адам болу мен өзімшіл болу екі бөлек нәрсе. Кейбір адамдар "өзіңді қорғау" дегенді "сендерге түкіргенім бар" деп қабылдайды. Сіз олардан сыпайылық пен кешірім күте алмайсыз. Мұндай адамдар айналасындағылардың бәріне өтірік айтқанда қандай әдептілік туралы айтуға болады", - деп жазды спортшы.
Бибісара Асаубаеваның айтуынша, Жансая Әбдімәлік "ең алдымен шахматшы екенін ұмытқан".
"Жансая мен басқа он бір шахматшы, соның ішінде мен кеше Делиде болдым. Онда бізде маңызды турнир еді. Гран-при. Және бәрі жақсы болар еді, бірақ ол ұйымдастырушылар оны дұрыс емес күтіп алғандықтан кенеттен турнирді тастап кетуге бел буды.
Ол мұны өте оғаш, тіпті ақымақтықпен істеді: ол ашылудан бір сағат бұрын әріптесіне телефон арқылы ұшып бара жатқанын және әуежайда екенін айтты. Содан кейін ол тәкаппар күлімсіреп қонақүйді жайбарақат аралады. Біз шұғыл жиналыста арв қарай не істейтінімізді шешумен болдық", - деп қосты ол.
Бибісара турнирді ұйымдастырушыларға шынымен де сұрақтардың бар екенін айтты.
"Бірақ сұрақтардың көбі Жансаяға арналған. Оның спорттық емес мінез-құлқына. Оның орынсыз эмоцияларына. Әріптестеріне, жалпы өмірге деген көзқарасы. Атап айтқанда, кәсіпқойлыққа. Спортшылар кез келген форс-мажорлық жағдайлар мен сынақтарға дайын болуы керек. Егер бірдеңе болып қалса, жыламай, берілме.Егер сіз Жансая сияқты әрбір ұсақ-түйекке жауап қайтарсаңыз, спортты тастап, тұрмысқа шығып, борщ пісіргеніңіз дұрыс", - деп түйіндеді шахматшы.
Жансая Әбдімәліктің жауабы
Жансая Әбдімәліктің айтуынша, ол Бибісара Асаубаеваның өзіне қарсы "қайта-қайта тиіскеніне" мән бермеуге тырысқанымен, "бірақ тойтарыс беретін кез жеткнін" түсінген.
"Асаубаева өз жазбасында қолданған суреттің қазіргі жағдайға сәйкес келмейтінін және шахмат жанкүйерлерін адастыратынын айта кетейін, сурет 2021 жылы әлем чемпионатында түсірілген.
Үндістандағы Гран-придегі жағдай туралы: Мен және менің әріптестерім (соның ішінде Ассаубаеваның өзі) ұйымдастырушылар тарапынан жасалған жағдайға (жұмсақ сөзбен айтқанда) ренжідік. Кездесуден кейін біз Президент пен ФИДЕ басшылығына ұжымдық хат жазуды жөн көрдік", - деп жазды ол.
Хатта қазақстандық спортшылар өздерінің наразылықтарын білдіріп, турнирді басқа уақытқа ауыстыруды немесе өткізуді ұсынды, деп қосты Жансая.
"Хатқа Гран-при қатысушыларының барлығы дерлік қол қойған (оның ішінде Асаубаева да бар. Хат карусельде. Ұйымдастырушылар турнирдің басталуын белгісіз уақытқа кейінге шегеруге мәжбүр болды.
Мен ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович пен атқарушы директор Эмиль Сутовскийге осындай жағдайда ойнамау туралы шешімімді жеке өзім хабарладым. Карусельге Аркадий Владимировичтің жауабын қосамын.
Бибісара Асаубаеваның осынау жалған өтірігі мен екіжүзділігіне қарамастан, мен бұл шешімге өкінбеймін және шахматшылардың қауіпсіз және лайықты жағдайда ойнауға лайық екеніне сенімдімін", - деді ол.
Сөз соңында Жансая Әбдімәлік өз елін әрқашан мақтанышпен және абыроймен танытатынын баса айтты.
"Мен Үндістандағы Олимпиаданы әлі күнге дейін жылы лебізбен еске аламын, бірақ Делиде ұсынылған шарттар шынымен де қолайсыз.Мен әріптестерімнен хат-хабарларды жариялағаным үшін кешірім сұраймын, бірақ менің жақсы атымды қорғау үшін мұны істеуім керек.
"P.S. Мен міндетті түрде үйленемін және күйеуіме борщ пісіруге қуанышты боламын. Мен отбасылық өмір мен кәсіби мансабын сәтті үйлестіретін көптеген тамаша шахматшыларды білемін және оларға шын жүректен тамсанамын", - деп түйіндеді шахматшы.
Еске сала кетейік, Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович Үндістанда өткен әйелдер Гран-приінің 11 қатысушысына жергілікті ұйымдастырушылар жіберген қателіктер үшін кешірім сұрап хат жолдады. Турнирден бас тартқан қазақстандық Жансая Әбдімәлік хат жолдаушылардың қатарында жоқ, - деп хабарлайды Tengri Sport FIDE баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттің үндеуінде FIDE қосымша үйлестіруші тағайындайтыны, ол қатысушылардың толық билігінде болатыны және олар туындауы мүмкін кез келген қосымша шығындардың орнын толтыратыны айтылған.