Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСемей қаласында «КамАЗ» тіркемесі ажырап кетіп, бір адамды мерт қылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Абай облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 24 наурызда сағат 16:30 шамасында болған. Семей қаласындағы Өскемен көшесінде келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесі кенеттен ажырап кеткен.
Соның салдарынан тіркеме жол жиегіндегі 20 жастағы ер адамды қаққан. Қала тұрғыны оқиға орнында қаза тапты.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды", - делінген ақпаратта.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61