Өнім
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алматы-Өскемен тас жолында жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апаты Жетісу облысы Көксу ауданында тіркелді. Алматы - Өскемен тас жолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соғысқан..
Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі - кәмелетке толмаған бала.
Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталады. Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмысын жалғастырып жатыр.