Әлем
Неміс шахматшысы Элизабет Петц Халықаралық Шахмат федерациясының (FIDE) Гран-приінің үшінші кезеңінен ұйымдастырушыларға наразы болғандықтан бас тартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы rsport.ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Нью-Делидегі кезең сенбіде басталуы керек еді, бірақ қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәліктің алынуына байланысты жексенбіге ауыстырылды. Үндістанға келген кезде шахматшыларға әуежайдан трансфер берілмеген. Олар бөлмелері дайын емес қонақүйге таксимен баруға мәжбүр болған.
Петц 11 ойыншыдан тұратын турнир форматында ойнауды қаламады. Онда партияларды дәстүрлі тәртіпте ақ және қара фигуралармен өткізе алмайды. Оның ұйымдастырушылар тарапынан болып жатқан мәселелерге ашуланып, Гран-Приден шығу туралы шешімін DSB қолдады. Сонымен қатар Элизабет Петц әлеуметтік желідегі жазбасында қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікті қолдайтынын жазған.
Жексенбіде турнирдің салтанатты ашылуы өтті, онда қазір 12 қатысушының 10-ы қалды.