ДАМУ

Ақша қашыратын мына сөздерді айтпаңыз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өмірде кейде не сөйлеп, не қойғанымызды білмей жатамыз. Алайда 32 тістен шыққан әр сөзге мұқият болу қажет. Себебі кей сөздер адамнан ақшаны қашырып жіберуі мүмкін екен. Қандай сөздер екенін білгіңіз келсе, Bugin.kz порталы ұсынған мақаланы толық оқып шығыңыз.

Бірінші: мен мұны істей алмаймын

Сіз бәрін істей аласыз, өйткені сіз адамсыз.Сіздің мүмкіндігіңіз шексіз екенін естен шығармаңыз. Біздің алдымызда тұрған жалғыз мәселе — қартаю, сондықтан өміріңіздің бір минутын да жоғалтпаңыз. Алға ұмтылыңыз, күресуге асығыңыз, проблемаларыңызды шешіңіз және ақша табу үшін сүйікті ісіңізбен айналысыңыз.

Екінші: мен ешқашан бай болмаймын

Бұл - адамды сәтсіздікке жетелейтін жағымсыз сөйлем. Осылай айтқан кезде, сізді ғаламның оң толқындары өтпейтін энергетикалық есіктер қоршап алады. Сіздің бұл пікіріңіз мүлдем дұрыс емес. Өмір бойы кедей болып өту - тек оны мүлдем қаламайтындарға арналған. Іштей "мен бай боламын" деп жиі айтыңыз.

Үшінші: менде баюға уақыт жоқ

Уақыт әрқашан болады. Сіз оны тек дұрыс реттей алуыңыз керек. Егер сіз өзіңіздің хоббиіңіз үшін, еңбегіңіздің жемісі үшін әлі ақша ала алмасаңыз, онда өз дағдыларыңызды дамытуды ұмытпай көп жұмыс істеңіз. Уақыт бар, тек оны дұрыс бөлу керек. 

Төртінші: бақыт ақшада емес

Дұрыс, бақыт ақшада емес. Бірақ қазіргі қоғамда кез келген дүние айырбастаудан тұрады. Яғни, сіз өзіңізде жоқ нәрсенің орнын толтыру үшін сол дүниені сатып аласыз. Ал, ол үшін ақша керек.

Ақша - қорқынышты қағаздар емес. Ақша - алынған мүліктің қарапайым баламасы. Ақша жаман емес, өйткені ол бізге армандаған нәрсені сатып алуға көмектеседі.

Бесінші: ақша табу қиын

Негізі ақша табу қиын емес. Егер сіз өзіңізге ұнамайтын жұмыс істесеңіз, онда бұл - сіздің таңдауыңыз. Әрине, әртүрлі жағдай болады. Бірақ әрқайсымыз өз өміріміздің және отбасымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндігіміз бар. Өзіңізге "ақша мені жақсы көреді, өйткені мен көп жұмыс істеймін" жиі айтыңыз.

Алтыншы: өмір - әділетсіз

Өмір - әділ! Оның үстіне, ол сізді жақсы көреді. Тек сіз айналаңызда өзіңіз жасаған әлемге толық қожа боласыз. Мұны есте сақтау керек. Қазір сізді қоршап тұрған барлық нәрсе сіздің ойыңызды, сеніміңізді, көзқарасыңызды толық көрсетеді. Біз қандай ойға сенсек, айналамыздан соны көреміз. Сондықтан "Өмір әділетті" деп жиі айтыңыз.

Жетінші: менде ақша жоқ

Негативті сөздердің қай-қайсысы да қауіпті екенін біле жүріңіз. Егер олар ақшаға қатысты болса, онда екі есе қауіпті деген сөз. Сізде ақша бар, тек олар сіздің өміріңізге қалай келу керегін білмей жатыр. Өзіңізді іздеуден қорықпаңыз.

Табыс табуды бірінші орынға қоймаңыз. Ең маңызды нәрсе - бұл рахаттана өмір сүру. Қандай да бір процестен ләззат ала отырып, сіз автоматты түрде жақсырақ бола түсесіз, содан кейін бәрі қалпына келеді.

Дереккөз: www.greatpicture.org