Bugin
Талдықорған қалалық соты Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысын осымен төртінші рет кейінге шегеруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бастапқыда Күдебаевқа үкім 10 наурызға белгіленген болатын. Алайда кейін генерал-майор Серік Күдебаевтың ауруханаға жатқызылғаны хабарланды. Одан кейінгі сот отырысы 16 наурызға белгіленді. Осыдан кейін үкім тағы 2 рет - 20 және 27 наурызға шегерілді. Бүгін сот отырысының қайта болмайтыны белгілі болды.
Еске салайық, Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған еді. Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған. Күдебаев 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды.
Келесі сот отырысының қашан болатыны әзірге белгісіз.