Bugin

Алматы базарында ер адамды бетінен атып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Polisia.kz мәліметі бойынша, Алматы базарларының бірінде екі жүргізуші арасында жанжал туындап, нәтижесінде бірі екіншісінің бетіне оқ атып жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
 
Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Оның атына тіркелген “ИЖ” газ тапаншасы қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді.

Бұл оқиға Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Алдын ала мәлімет бойынша базарлардың бірінің аумағында екі жүргізушінің арасында ауызша жанжал туындап, салдарынан олардың бірі қарсыласының бетіне оқ атқан. Күдікті қамауға алынды. Одан "ИЖ" газ тапаншасы тәркіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Видео: https://t.me/buginkz_kz/3042