Weekend

Қытайда әлемдегі ең ұзын көпір салынды

Көпірдің ұзындығы – 55 км

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оңтүстік Қытайда ресми түрде теңіз арқылы өтетін әлемдегі ең  ұзын көпір салынды. Көпірдің ұзындығы – 55 км. Ол Гонконг, Макао және Чжухай қаласын жалғайды.

 

Ресми шара ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин, Гонконг әкімшілгінің басшысы Кэрри Лам, ҚХР-ның Мемлекет кеңесінің вице-премьері Хань Чжэн және Гуандун провинциясының партком хатшысы Ли Сидің қатысуымен жүзеге асты. Одан бөлек көпірдің салтанатты ашылуын тамашалауға келген 700-дей қонақ болды.

Теңіз арқылы өтетін көпір Гонконгтан Чжухайға баратын жолды 3 сағат 30 минутқа қысқартады. Ал көпірді пайдалану алдағы сәрсенбі күні жүзеге асады.

2030 жылға қарай аталған көпір арқылы 29 мыңнан астам түрлі көлік түрлері және 120 мыңнан астап жаяу жүргінші өтеді деп көзделіп отыр.

Көпірді салу туралы жоспар 1980 жылдары қарастырылған. Алайда түрлі себептердің әсерінен жоба қалып қойған. Тек 2003 жылы ғана жоба қайта қола алынып, сызбасы дайындалды. Ал құрылыс жұмыстары 2009 жылы басталып, 2016 жылы аяқталу керек болған. Алайда жемқорлық әрекеттерінің болуы себебінен жұмыстың аяқталуы тағы да 2 жылға шегеріліп, биыл қолданысқа беріліп отыр.