Bugin

Жетісу облысында жол апаты болып, 3 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

27 наурызда Ақсу ауданында Toyota Camry және Kia Rio көліктерінің қатысуымен жол апаты болды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
 
Корей шетелдік көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған. Жеңіл көліктер Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен. 

ЖКО-да үш адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. 

Тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмысын жалғастырып жатыр.