Қоғам

Алматыда тауда жоғалып кеткен екі адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы құтқарушылары Іле Алатауы тауларында адасқан екі туристі тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 26 наурызда сағат 23:32-де Алматы қаласы ТЖД-ға "Аюсай" шатқалы мен сарқырамасының аумағында тауда ер адам және әйел адам жоғалып кетті деген хабарлама келіп түскен.

"Құрамында 11 адам, 3 бірлік техника және бір кинологиялық есептобы бар ТЖД, "Тұйық-Су" КСП, Құтқару қызметінің және РОСО құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерді тапты" делінген хабарламада.

Содан соң апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасына жеткізді.