Әлем

Сауд Арабиясында қажылыққа барғандар мінген автобус өртеніп кетті (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауд Арабиясында Умра сапарына келушілер мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Report агенттігінің мәліметінше, 20 адам көз жұмып, 29 адам жарақат алған. Жол апаты Асир әкімшілік ауданында болған. Тежегіштер істен шыққандықтан, автобус көпірге соғып, өртеніп кеткен

Оқиға орнына өрт сөндіру бригадалары мен дәрігерлер жұмылдырылды.

Ақпаратқа сәйкес, қажылар умра жасау үшін Меккеге бет алған. Олардың барлығы Йеменнен екендігі нақтыланды.

Видеоны мына жерден көре аласыздар.