Экономика

Мемлекеттен қандай жағдайда 345 мың теңге алуға болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2023 жылдың 10 сәуірінен бастап мемлекет заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

"Қару - жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады", - деп мәлім етті Ақтөбе облысының полиция департаменті. Сонымен қатар полицейлер барлық мәселе бойынша жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласу қажет екенін жеткізді.

Ерікті түрде тапсырған жандарға мемлекет қарудың әрбір бірлігі үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейді (1 АЕК-3450 теңге):

Атыс автоматты мылтық қаруының әрбір бірлігі үшін 100 АЕК (345 000 теңге)дейін;
Ұзын ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 50 АЕК дейін;
Атыс мылтығы қысқа ұңғылы қарудың әрбір бірлігі үшін 40 АЕК дейін;
Тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 30 АЕК дейін;
Травматикалық қарудың әрбір бірлігі үшін 10 АЕК дейін;
Әрбір граната, мина, жарылғыш құрылғы үшін 7 АЕК дейін;
Әрбір 1000 грамм жарылғыш заттар үшін 6 АЕК дейін;
5.6 мм-ден астам калибрлі мылтық патроны үшін 1/35 АЕК дейін
5.6 мм калибрлі мылтық патроны үшін 1/115 АЕК дейін төлейді.