Bugin

Кореяда жасырынып жүрген қазақстандық үшін ірі сыйақы тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оңтүстік Кореяда депортациядан қашып кеткен қазақстандық Нұрсұлтан Ырысбаевқа іздеу жарияланды. Ол туралы ақпарат берген адамға ірі көлемде сыйақы беріледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы..

Korea Komek паблигінде  жариялған ақпаратқа сәйкес, 18 жастағы Нұрсұлтан Ырысбаев әуежайдан қашып кеткеннен кейін көлікке мініп кеткен. Оған жерлестері көмектесуі мүмкін. Түркістан қаласының тумасы қазіргі уақытта Инсан қаласында жасырынып жүр деген мәлімет бар.

Қазіргі кезде Кореяның барлық жолдарында күшейтілген рейдтер басталды. Ырысбаевты табуға көмек берген адамға 30 миллион вон (10 миллионнан астам теңге) ақшалай сыйақы беріледі.

"Көмек берген адам заңсыз мигрант болса, оған Кореяның өзінде виза жасап береміз. Ақпарат берген адам құпия күйінде қалады", - делінген хабарламада.

Жергілікті полиция Нұрсұлтанды өз еркімен берілуін, олай жасамаған жағдайда басқа қазақстандық азаматтарға және қазақстандық заңсыз мигранттарға қысым көрсетілетінін хабарлады. Ал Кореяға жаңадан келетіндер үшін елге кіру тәртібі күшейтіледі.

Нұрсұлтанға көмектескен адамдар өз еркімен байланысқа шықпаса, айыппұл арқалауы мүмкін. Оған қоса, Кореядан депортацияланады.

Айта кетері, жексенбі күні таңғы сағат 4:20-да 18 және 21 жастағы екі Қазасқтан азаматы депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кетті. Екеуі автобустың терезесінен шығып, тікенді сым тартылған қоршаудан секіріп кеткен. Біреуі ұсталды. Ал екіншісі қашып кетті.