Bugin

Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен 2 адамның мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен 2 адамның мәйіті табылды. Оның бірі анасы екіншісі 16 жастағы ұлы деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі ақпаратына сүйенсек, оқиға таңға жуық тіркелген. Сағат 05:30 шамасында қаладағы үйлердің бірінен 2 адамның мәйіті табылғаны жайлы хабарлама түседі. Полиция қызметкерлері бірден жеткенде тағы кішкентай қыздың пышақ жарақатын алғанын байқаған. 

Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жасар қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, - делінген полиция ақпаратында. 

Іс бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.