Bugin

Жұмыссыздарға қанша жәрдемақы берілетінін анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ашық» НҚА порталында облыстық және республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздар үшін берілетін төлем мөлшерін бекіту туралы бұйрық жарияланды деп, хабарлайды Bugin.kz порталы.

Еңбек министрлігінің «Халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шекті деңгейін бекіту туралы» бұйрығы бойынша төлем мөлшері:

- бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 35 000 теңгеден көп емес;

- екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздаp үшін – 43 750 теңгеден көп емес.

Облыс, қала, ауданының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органында тіркелген жұмыссыздарға:

- бірінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 43 750 теңгеден көп емес;

- екінші және үшінші санаттағы жұмыссыздар үшін – 52 500 теңгеден көп емес.

Порталда көрсетілгендей, бұйрық 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.