Bugin
Алматының Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы қоңырау уақытында дәретханада бұрыш баллонын шашқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.
Соның салдарынан жанында тұрған оқушылар уланып қалған. Бұл туралы полиция департаменті хабарлаған.
Мектептің 7 оқушысы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.
Алмалы аудандық ПБ-на қарасты ПБ оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады, - делінген қалалық ПД хабарламасында.
Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.